логопед маманының ата-аналарға кеңесі. » №84 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№84 бөбекжай-балабақшасы"
”коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Приемная:
+7 707 555 0885
Бухгалтерия:
+7 707 555 0885
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » логопед маманының ата-аналарға кеңесі.
30
Қазан
2024

логопед маманының ата-аналарға кеңесі.

логопед - Қожахметова А.
Тілі шықпаған балаға қалай сөйлеу керек? Баланы неше жасында логопедке көрсеткен жөн?
Қазір ата-аналар балаларын логопедке қашан апару керегі жөнінде ертерек ойлану керек. Мамандардың айтуынша, бала 2-3 жасқа келгенде оның сөйлесу дағдыларын бағалау үшін ең қолайлы кезең. Дәл осы уақытта маман баланың сөйлеуі оның жасына сәйкес келіп-келмейтінін тексереді.

Сонымен қатар, ата-аналар баланың алты жасқа келгенге дейін өздерінің қалай сөйлейтініне көп көңіл бөлуі керек. 
Ол үшін мына қарапайым ережелерді есіңізге сақтаңыз:
• балаға еліктеп, балаша сөздің айтылымын бұрмаламаңыз;
• анық, тегіс, эмоционалды түрде сөйлеңіз;
• балаға кітапты көбірек оқып, жаңа және бейтаныс сөздерді түсіндіріп беріңіз;
• балаға сұрақ қойғанда, жауап беруін асықтырмаңыз;
• ешбір жағдайда баланы мазақтап, сөйлеу қателіктері үшін жазаламаңыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив