09
October
2025
Жекеменшік балабақшаларына семинар


“Тәжірибе алмасу-кәсіби қажеттілікті шыңдау” тақырыбында Алатау ауданының жекеменшік балабақшаларына КМҚК “84 Бөбекжай-балабақшасы” семинар ұйымдастырды.Семинарға жекеменшік балабақшаларының әдіскерлері қатысты. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу сатысында балабақша ішіндегі дамытушы орталықтарды, топтарды аралатып, шебер сынып көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, тәжірибелерімен өзара кеңінен бөлісті.