04
December
2025
ЭКО- музыкалық жоба - «Қалдық кәдеге жарайды»


КМҚК «№84 Бөбекжай-балабақшасы» ЭКО- музыкалық жоба - «Қалдық кәдеге жарайды» тақырыбында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған семинар ұйымдастырылып, Алатау ауданының Білім бөлімінің мамандары, мобильді топ мүшелері мен ауданның музыка жетекшілері қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Балаларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды ажырату мен қайта қолдануға қызығушылық ояту, сондай-ақ қалдық материалдардан музыкалық аспаптар жасау арқылы музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту. Семинар барысында қатысушыларға қалдықтарды сұрыптап ерекше музыкалық аспаптар жасап, пайдалану бағыттары көрсетілді.
“Қалдық кәдеге жарайды” атты семинар экологиялық мәдениетті күшейтуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Іс-шара нәтижесінде қатысушылар қоршаған ортаны қорғау тек мемлекет пен ұйымдардың ғана емес, әрбір адамның ортақ міндеті екенін түсінді. Семинар болашақта да экологиялық бастамаларды жалғастыруға мүмкіндік беретін пайдалы тәжірибе болды