Жануарлар әлеміне саяхат
Дүниежүзілік жануарлар күніне орай балабақша тәрбиеленушілерімен хайуанаттар саябағына барып қайттық. Бұл танымдық саяхат балаларға жануарларды жақыннан көріп, олардың алуан түрлілігімен танысуға мүмкіндік берді. Саяхаттың мақсаты – балалардың жануарлар әлемі туралы түсініктерін кеңейту, тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу. Жануарларды бақылау арқылы бүлдіршіндердің қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыруға, мейірімділік сезімдерін дамытуға бағыт бердік.