Мектепке дейінгі үздік ұйым - 2022 » №84 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№84 бөбекжай-балабақшасы"
”коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Приемная:
+7 707 555 0885
Бухгалтерия:
+7 707 555 0885
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектепке дейінгі үздік ұйым - 2022
1 маусым - балаларды қорғау күні!
01
июнь
2026
1 маусым - балаларды қорғау күні!
1 маусым – Балаларды қорғау күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшамызда бүлдіршіндерге арналған мерекелік ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Мерекенің басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және бақытты балалық шақтың маңыздылығын насихаттау. Бұл мереке бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың достыққа, бірлікке және шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды.
5 педагогикалық кеңес
29
май
2026
5 педагогикалық кеңес
Балабақшамызда 2025–2026 оқу жылының 5-қорытынды педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Кеңес барысында оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, педагогтердің жарты жылдық қорытынды есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – жазғы сауықтыру жұмыстарының жоспарын бекіту болды. Жаз мезгілінде тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мазмұнды демалысын ұйымдастыру мақсатында арнайы жоспар құрылып, педагогикалық ұжым тарапынан талқыланып
Алатау ауданы педагогтерінің педагогикалық оқу байқауы
30
апрель
2026
Алатау ауданы педагогтерінің педагогикалық оқу байқауы
"ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы" тақырыбындағы VIII педагогикалық оқулар байқауында мектепке дейінгі білім беру ұйымында, кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсеткені үшін педагог-психолог - Шаяхмет Аида Саясатқызы ІІ орынмен марапатталды
"Бірлігіміз жарасқан -Наурыз думан"
23
апрель
2026
"Бірлігіміз жарасқан -Наурыз думан"
«Бірлігіміз жарасқан – Наурыз думан!» 2026 жылғы 23 сәуір күні Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданында орналасқан №84 бөбекжай-балабақшасында «Бірлігіміз жарасқан – Наурыз думан!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шара барысында қонақтарды ұлттық ансамбль күмбірлеген күймен қарсы алды. Салтанатты жиынның ашылуында құттықтау
4 педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылы
30
март
2026
4 педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылы
                                №4  Педагогикалық   кеңес Тақырыбы:   "Экологиялық мәдениет: салауатты өмір салтын ұстану және қалдықтарды бөлек жинап, оларға "екінші өмір" беру мүмкіндіктерін көрсету. Мақсаты:   Балалардың экологиялық білімінің кеңейту; қоршаған ортаны күтіп табиғатты қорғау қажеттілігі сезімінің ояту; экологиялық санасы мен мәдениетін қалыптастыру; қалдықтарды сұрыптап, одан бұйым жасауға дағдыландыру   № Педкеңестер бағдарламасы және тақырыбы Өткізу түрі Мерзімі Жауаптылар 1
Тағылымдама алаңыда іс-тәжірибе алмасу
18
февраль
2026
Тағылымдама алаңыда іс-тәжірибе алмасу
КМҚК «№84 Бөбекжай-балабақшасы» базасында ұйымдастырылған тағылымдама алаңында аудан меңгерушілеріне арналған іс-тәжірибе алмасу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара мектепалды топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Өрт қауіпсіздігі» және «Таза Қазақстан» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылды. Тағылымдама алаңының мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіліп жатқан тәрбие-білім беру жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету, тәжірибе алмасу болды.
"Менің жасыл балабақшам" ЭКО-көрме челленджі
04
февраль
2026
"Менің жасыл балабақшам" ЭКО-көрме челленджі
Алматы, 2026 жылғы 3 ақпан – №84 бөбекжай-балабақшасында «Менің жасыл балабақшам» жобасы аясында «Заттардың екінші өмірі» атты бірегей экологиялық көрме-челленджі өтті. Шараның басты ерекшелігі — балалар мен ата-аналардың күнделікті тұрмыстық қалдықтардан (пластик, қағаз, металл) жасаған музыкалық аспаптар, дидактикалық ойындар мен таңғажайып «Треш-арт» (Trash-art) өнерімен таныстырылды.  Іс-шара барысында КМҚК «№84 Бөбекжай-балабқшасы» базасында жүзеге асырылып жатқан «Менің таза балабақшам»
""Адалдық дүкені"
30
январь
2026
""Адалдық дүкені"
"Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында балалар арасында "Адалдық дүкені" республикалық акциясы. мектепалды "Ханшатыр" тобындағы ұйымдастырылған іс-әрекет дербес ойын. Балалар дүкендегі ережелерді сақтай отырып, ескертулерсіз өз бетінше әрекет жасады.