12
август
2024
Дәстүрден тыс сурет салу

[media=https://www.instagram.com/reel/C-j49FVCg3v/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==]
Сурет салудың дәстүрлі емес әдістері арқылы
мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту
Қазіргі таңда сурет салудың дәстүрлі емес техникаларын балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін балабақшада да, үй жағдайында да жиі қолданады. Дәстүрлі әдістерге негізделмеген сурет салу, ерекше әрі бірегей болып көрінеді. Сурет салудың ерекше, бірқилы тәсілдері балаларды сурет салуға қызықтырады, әр баланың шығармашылық әлеуетін дамытады.
Дәстүрлі емес сурет салу баланың ұсақ қол моторикасын жетілдіреді. «Ұсақ қол моторикасы» термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Оны дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миы құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны – қозғалу, ал қозғалыс – әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.