18
февраль
2026
Тағылымдама алаңыда іс-тәжірибе алмасу

КМҚК «№84 Бөбекжай-балабақшасы» базасында ұйымдастырылған тағылымдама алаңында аудан меңгерушілеріне арналған іс-тәжірибе алмасу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шара мектепалды топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Өрт қауіпсіздігі» және «Таза Қазақстан» тақырыптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылды.
Тағылымдама алаңының мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіліп жатқан тәрбие-білім беру жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету, тәжірибе алмасу болды. Шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы Зейтова М.С. және меңгерушілері қатысып, балабақша педагогтерінің жұмыс барысымен танысты.
Мектепалды «Шымбұлақ» тобы «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілерге төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді. Балалар өрттің шығу себептері, оның алдын алу жолдары туралы мағлұмат алып, 101 қызметіне хабарласу тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетті. Рөлдік ойындар, дидактикалық тапсырмалар және көрнекі құралдар арқылы балалардың қауіпсіздік мәдениеті қалыптастырылды.
Ал мектепалды «Ханшатыр» тобында «Таза Қазақстан» тақырыбындағы іс-әрекетте экологиялық тәрбиеге ерекше мән берілді. Балалар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты сұрыптау дағдылары бойынша білімдерін көрсетті. Шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы кішкентай бүлдіршіндер табиғатқа жанашырлық танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Іс-шара барысында қолданылған инновациялық әдістер, ойын технологиялары мен заманауи оқыту тәсілдері қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Мектепалды топ тәрбиеленушілерінің белсенділігі мен шығармашылығы көпшілікке ерекше әсер қалдырды.