23
апрель
2026
"Бірлігіміз жарасқан -Наурыз думан"
«Бірлігіміз жарасқан – Наурыз думан!»2026 жылғы 23 сәуір күні Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданында орналасқан №84 бөбекжай-балабақшасында «Бірлігіміз жарасқан – Наурыз думан!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шара барысында қонақтарды ұлттық ансамбль күмбірлеген күймен қарсы алды. Салтанатты жиынның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, Наурыз мерекесінің маңызы атап өтілді.
Концерттік бағдарлама аясында балабақша тәрбиеленушілері «Ағайынды бәріміз!» әнін орындап, «Ұлттар шеруінде» түрлі этнос өкілдерінің ұлттық киімдерін паш етті. Сондай-ақ «Ұлттар биі» флешмобы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мақсатында Қызыр атаны қарсы алу, бата беру және тұсау кесер рәсімдері ұйымдастырылды.
Бағдарлама барысында «Домбыра» биі орындалып, әжелер «Тәй-тәй» әнін шырқап, ұрпақ сабақтастығын көрсетті. Сонымен қатар әкелердің қатысуымен ұлттық ойындар – арқан тарту, бұқа тартыс, аударыспақ ұйымдастырылып, мерекенің мазмұнын аша түсті.
Іс-шара аясында «Достығымыз жарасқан» тақырыбында сурет көрмесі ұсынылып, соңында қонақтарға наурыз көжеден дәм ұсынылды.
Аталған мереке балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.