ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ » №84 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№84 бөбекжай-балабақшасы"
”коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Приемная:
+7 707 555 0885
Бухгалтерия:
+7 707 555 0885
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ
04
февраль
2021

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Мемлекеттік комиссия 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлесін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив