"Гүл сыйлайық анаға!" мерекелік кеш
🌷 Балабақшада барлық топтарда 8 наурыз мерекесі аталып өтті Балабақшада көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл күн аналар мен әжелерге, апайларға деген құрмет пен сүйіспеншілікті білдіретін мереке болды. Мерекелік іс-шараға балалардың аналары мен әжелері арнайы шақырылды. Балалар қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, әсем безендірілген залда мерекелік концерт ұсынды. Тәрбиешілер бүлдіршіндермен бірге ән айтып, тақпақтар жаттап, би